8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Бiз туралыХалықаралық байланыс

Халықаралық байланыс

  

  

Ұлттық тестілеу орталығы 1975 жылы Hью-Джерси Америка қаласында ұйымдастырылған Білім беруді бағалаудағы халықаралық қауымдастықтың (International Association for Educational Assessment IAEA) мүшесі болды.

Ұйымның мақсаты:

1. Конференциялар мен басылымдар арқылы тәжірибе алмасу арқасында білім берудің академиялық деңгейін бағалайтын ұйымдар арасындағы байланысты нығайту; зерттеулер мен оқыту жобаларын өткізу аясында бірлескен жұмыстар ұйымдастыру.

2. Білім беру саласындағы мәселелерді шешу үшін қолайлы бағалау технологияларын іздестірудегі ынтымақтастық.

3. Бағалау технологиясын жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу және қатысушы-мемлекеттердің білім беру құрылымына енгізу.

Жыл сайын Қауымдастық конференциялары әртүрлі елдерде өткізеді.

  • 2012 ж.- 38 Халықаралық Конференция IAEA –Астана қ.(Қазақстан). Тақырыбы: «Білім беру мекемесі мен жеке тұлғаға жақсы әсер беру мақсатында  бағалау рәсімін модельдеу».

  • 2013ж. – 39 Халықаралық Конференция IAEA – Тель-Авив қ.(Израиль). Тақырыбы: «Білім сапасын бағалау: Білім беруді бағалаудың технологиясы»

  • 2014 ж. – 40 Халықаралық Конференция IAEA –Сингапур қ. Тақырыбы: «21 ғасырдың инновацияларын бағалау».

  • 2015 ж. - 41 Халықаралық Конференция IAEA – Канзас қ, (АҚШ). Тақырыбы: «Тестілеудің үш басты аспектісі: валидтілік, валидтілік, валидтілік».

  • 2016 ж.– 42 Халықаралық Конференция IAEA – Кейптаун қ.,Оңтүстік Африка.Тақырыбы:«Үздіксіз диалог – білім бағдарламалары стандарттарының жетістіктерін бағалау».

2013 жылдан бастап ҰТО Білім беру сапасын бағалаудың Еуразиялық қауымдастығының (БСБЕҚ) мүшесі болып табылады.

БСБЕҚ, ТМД елдері мен РФ білім беру сапасын бағалау саласындағы ұйымдар мен мамандардың ұйымдасқан бірлестігі ретінде 2012 жылы маусым айында білім беру сапасын бағалау саласындағы ТМД елдері және Ресейдің сарапшы әлеуетін кеңейту, алға жылжыту және нығайту, сонымен қатар Еуразия аймағында білім беру сапасын бағалау тәжірибесін тарату  мақсатында құрылды.

2012 жылы БСБЕҚ-ның І Халықаралық конференциясы Ресей Федерациясы, Москва қаласында өтті.Тақырыбы: «Біріктіру, серіктестік, инновация».

2013 жылы БСБЕҚ-ның II Халықаралық конференциясы Беларуссия Республикасы, Минск қаласында өткізілді. Тақырыбы: «Мектептегі білім беру мониторингі- мемлекетаралық ынтымақтастықтың болашағы».

БСБЕҚ-ның ІІІ Халықаралық конференциясы 2014 жылы Астана қаласында өткізілді. Тақырыбы: «Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін дамытудағы бағыттар мен ерекшеліктер».

БСБЕҚ-ның IV Халықаралық конференциясы 2015 жылы Татарстан Республикасы, Қазан қаласында өткізілді. Тақырыбы: «Білім сапасын тәуелсіз бағалау: заманауи сын-тегеуріңдер мен таңдаулы тәжірибелер».

Халықаралық ынтымақтастық екіжақты келісімдер мен меморандумдар аясында өтеді.

2007 жылы білім сапасын бағалау аясындағы ынтымақтастық туралы Әзірбайжан Республикасы Талапкерлерді қабылдау жөнінде Мемлекеттік комиссиясы, Ресей Федерациясының Білім беру саласындағы Ұлттық аккредитациялық агенттігі мен ҰТО арасында  келісімшартқа  қол қойылды.

2013 жылдың 15 қарашада Ұлттық тестілеу орталығы мен TOMER Орталығының (Түрік Республикасы, Анкара қаласы, Гази Университеті, түрік тілін оқыту, зерттеу және қолдану орталығы) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2014 жылдың «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университеті мен ҰТО арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында ҰТО қызметкерлері үшін тренингтер,оқыту семинарлары түрлі топтардағы пайдаланушыларға білімдегі жетістіктерді бағалау қорытындыларын түсіндіру мен талдау және білім беру мен психологиядан тест әзірлеудің теориясы мен тәжірибесі өткізілді.

Педагогикалық өлшем институты (CITO, Нидерланды) және Educational Testing Service (ETS,АҚШ) сияқты атақты орталықтармен жақсы қарым-қатынас орнатылған. Ынтымақтастықтың аясында CITO international (Нидерланды) компаниясының сарапшыларымен Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға тест тапсырмаларын құрастыру және әзірлеу бойынша ҰТО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинары өткізілді.

 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ